Қазақстанда білім гранттары конкурсына 127 мыңға жуық талапкер өтініш берді

Қазақстанда білім гранттары конкурсына 127 мыңға жуық талапкер өтініш берді
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ғылым және жоғары білім саласындағы мәліметке сәйкес, биыл бакалавриатта білім алуға 75 мыңнан астам грант бөлінген. Оның шамамен 60 пайызы инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына, ал тағы 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға бағытталған.

Биыл грант конкурсына өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп өтініш қабылданды. Өткен жылы конкурсқа 113 мың талапкер қатысуға өтініш берген болатын. Ең көп өтініш инженерлік, педагогикалық және IT бағыттарына түскен.

Ал бір грантқа шаққандағы ең жоғары бәсеке заңгер, дипломат, аудармашы және психолог мамандықтары бойынша күтіліп отыр.

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.