Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің денсаулығына қатысты қоғамда тараған алып-қашпа әңгімелерге жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, бұрынғы шенеунік жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр. Сондай-ақ ол Мәсімовтің медициналық есепте тұрғаны немесе оған қандай да бір медициналық көмек көрсетіліп жатқаны жөніндегі сұраққа да жауап берді.
"Жоқ. Бұл ақпаратты сіздерге ресми түрде айтып отырмын", – деп жауап берді ол.
Айта кетейік, бұған дейін көктемде кейбір анонимді дереккөздер Кәрім Мәсімовтің онкологиялық ауруға шалдыққаны және оның жағдайы өте ауыр екені туралы хабар таратқан еді.
Еске салайық, ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке Қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған еді.
Бас прокурор Берік Асылов атап өткендей, тәртіпсіздіктер кезінде Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен.
Тергеу "аса құпия" белгісімен жүргізілді.
Сот Кәріма Мәсімова ҚР Қылмыстық кодексі бойында мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану деген айыптар бойынша 18 жылға жаза кесті.
Сонымен 18 жылды арқалаған Кәрім Мәсімовтің дүние-мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу құқынан айырылғанын айта кетуіміз керек!