Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мұндай елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жүргізілген кешенді талдау туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазіргі таңда министрлік Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 22-ші тармағын орындау шеңберінде Саран қаласының экономикасын дамыту тәжірибесін басқа моноқалалар экономикасын әртараптандыру үшін қолдануға қатысты моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 78 көрсеткіші негізінде талдау жүргізді. Сондай-ақ, моноқалалардың даму әлеуетін есептеу әдістемесі әзірленді. Моноқалалардың әрбір тобы бойынша олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, сараланған шаралар әзірленді", - деді вице-министр.Даму деңгейіне қарай қалалар инфрақұрылымды жаңғырту мен жаңа өндіріс орындарын іске қосудан бастап индустриялық аймақтар құруға дейінгі сараланған шаралар қабылданады.
Бұл тәсіл мемлекеттің ресурстары мен күш-жігерін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.