"Қазақстан еуробондтардың roadshow-ына дайындалуда, оны басып шығару шілде айына жоспарланған, бұл ретте АҚШ Федералды резервтік жүйесінің (ФРЖ) мөлшерлеме бойынша шешімін күтіп отырмыз", - деді Қаржы министрі Мәди Такиев. Бұл арада қомақты сома туралы сөз болып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Шілде айында 2,5 млрд доллардың евробондтарын шығарамыз. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, roadshow жасаймыз, оған әлі кіріскен жоқпыз, себебі АҚШ-тың соңғы мөлшерлеме бойынша шешімін күтіп отырмыз, содан кейін біздің қандай мөлшерлеме бойынша алға жылжитынымыз белгілі болады", - деді Мәди Такиев Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында.
Айта кетсек, 2024 жылы Қазақстан 1,5 млрд долларға еурооблигациялар шығарған болатын. Еуробондтарды купондық мөлшерлемесі 4,714%-бен 0 жыл мерзімге орналастырды. Бағалы қағаздар Лондон қор биржасына және "Астана"халықаралық қаржы орталығының биржасына орналастырылды. Халықаралық ұйымдастырушылар, бірлескен көшбасшы-менеджерлер және мәміленің букраннерлері Citi, JPMorgan, Societe Generale және қазақстандық тараптан "BCC Invest" АҚ болды.