Қазақстандық спортшылар Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов дүниеден өтті.
Бұл туралы спортшының қарындасы Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұмның рухына арналған бейсенбілік құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді.
"Қатысуларыңыз – марқұмның рухына дұға, біздерге үлкен қолдау. Алла Тағала қабыл етсін! Әмин", – делінген хабарламада.
Бақтыбай Рахманұлы – қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен спортшы Сара Рахмонованың әкесі.
