Сатыбалдыға тиесілі “Байсат” базары ең төменгі бағада аукционға қойылды

Қаракөз Амантай 30 қаң. 2026 10:16

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған "Байсат" базары ең жоғары жеңілдікпен аукционға шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, базар "ең жоғары жеңілдікпен" саудаға қойылған. Бастапқы бағасы - 24,77 млрд теңге. Аукцион 2026 жылы 5 ақпанда сағат 12:00-де өтеді.

Компания өкілдері бағаның төмендеуі қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылғанын атап өтті. Айта кетейік, бұл актив бұған дейін екі рет аукционға шығарылған. 2025 жылғы 18 қарашада бастапқы бағасы 28,64 млрд теңге, 2025 жылғы 26 желтоқсанда бастапқы бағасы 26,71 млрд теңге болған.

Осылайша, үшінші аукциондағы бастапқы баға активтің алғашқы бағалауымен салыстырғанда барынша төмендетіліп, әлеуетті инвесторлар үшін ең тиімді шарттар ұсынылып отыр.

Компания бұл сауданы "аталған активті ең жоғары жеңілдікпен сатып алуға берілген бірегей мүмкіндік" деп бағалады.

Айта кетейік, бұл нысан алғаш рет қыркүйек айында 28,6 млрд теңгеден саудаға шығарылған. Желтоқсанда екінші рет аукцион жарияланып, баға 26,7 млрд теңгеге төмендеген еді. Бұл жолы «Байсаттың» құны тағы арзандап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove