Прокуратура наразылығы негізінде Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы әкімінің заңсыз өкімі жойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының прокуратурасының наразылығы бойынша қала әкімінің заңсыз өкімі күшін жойды.
Атап айтқанда, қала әкімінің өкімімен Сәтбаев қаласы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.
Алайда тексеру барысында аталғанавтожол учаскесі «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында екені анықталды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның мұндай шектеу енгізуге өкілеттігі болмаған.
Нәтижесінде, заңсыз қабылданған нормативтік акт Жезқазған–Петропавл республикалық маңызы бар автожолына жататын көшеде көлік қозғалысын негізсіз шектеген.
Заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік мүдделерді қорғау және заңсыз актілердің қабылдануына жол бермеу прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.