Сарыағаштағы жылыжайда 210 түп аналық лимон ағашы жайқалып тұр

Dalanews 04 жел. 2018 09:01 747

Сарыағаш ауданындағы тұқым бақ жылына 1 млн көшет өндіреді.

Онда алма, алқоры, алша, жүзім және шие сияқты жеміс-жидек түрлері мен тропикалық және экзотикалық өсімдіктердің де көшеттері бар. Тропикалық жемістер жылыжайдың ішінде өсіріледі.

Мұнда грек жаңғағы, інжір, анар дақылы да жерсіндірілген. Тұқым бақ мамандары енді киви өсіруді де қолға алыпты. Одан бөлек, жылыжайда 210 түп аналық лимон ағашы жайқалып тұр.

Қазір жемісі көздің жауын алады. Тұқым бақ қызметкерлерінің айтуынша, күтімі жақсы болса мұндағы бір түп лимон 20 кг дейін өнім береді. Жалпы тұқым бақтың аумағы – 100 жектар. Оның 2,5 гектарында жылыжай орналасқан. Мұнда 50-ге жуық адам жыл он екі ай жұмыс істейді.

Танабай Шынтасов, тұқым бақ басшысы:

– Кем дегенде бір көшет шығару үшін үш жыл уақыт керек. Оған қажетті аналығын да 3 жыл ұстау керек. Соның барлығын үш жыл ұстағанан кейін барып, көшет шығару керек. Жұмыс өте ауыр. Істелетін жұмыстардың барлығы қолмен жасалады. Бұл жерде қол жұмысы өте көп.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар