Сарыағашта сенбілік жұмыстары қарқынды жалғасуда

Жарбол Кентұлы 10 ақп. 2025 11:28 1073

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты түрде Сарыағаш ауданы аумағында жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілік барысында Сарыағаш қаласына қарасты көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, арық-атыздарды тазаланды. «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 4 арнайы техника және 35 жұмыскер сенбілік жұмыстарына жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстарын арнайы аудан әкімі Арман Абдуллаев жаяу аралап көріп, сала басшыларына тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар