«Самұрық Қазына» елге тиімділігін дәлелдеуі тиіс

Самал Асқар 11 ақп. 2026 13:12

«Самұрық Қазына» ұлттық әл ауқат қорының экономикадағы рөліне қатысты мәселе тағы көтерілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Dala News тілшісінің сауалына жауап бере отырып, қордың тиімділігіне күмән барын ашық айтты.

«Егер «Самұрық Қазына» экономикаға үлесі және оң ықпалы көбеймесе, осы уақытқа дейін қоғамға, мойнымызға, бюджетке үлкен салмақ түсіріп, ешқандай өзгеріс болмаса, біз болашақта бұл қордың елге қажет пе, әлде қажеті жоқ па деген сауалды ойлауымыз керек», – деді депутат.

Оның сөзінше, қордың басты міндеті – ұлттық компанияларды тиімді басқару арқылы экономиканың нақты секторына серпін беру. Егер бұл мақсат орындалмаса, құрылымның өзі қайта қаралуы мүмкін.

Депутаттың мәлімдемесі ұлттық әл ауқат қорының ашықтығы, тиімділігі және бюджетке жүктемесі жөніндегі қоғамдық пікірталасты қайта жандандырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove