Салтанат ісіндегі адвокат жемқор ма? Оразбахова өзі нүктесін қойды

Көркем Алдабергенова 24 жел. 2024 09:38 2271

Желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде жәбірленуші тарап - Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы болған Жанна Оразбахова жемқор деген ақпарат тарады. Адвокаттың өзі бұл айыптауларға жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Телеграмдағы ВЧК-ОГПУ дереккөзінің мәліметінше, Алматы адвокаттар алқасының мүшесі Жанна Оразбаховаға қатысты жәбірленушілерден көптеген шағым түсе бастапты-мыс. 

"Мысалы, Оразбахованың әдістерінен зардап шеккен жәбірленушілердің бірі өз оқиғасын айтып берген. Жәбірленушінің қызы зорлық-зомбылық құрбаны болған. Оқиға болғаннан кейін екі ай ішінде адвокат Оразбахова қыздың отбасына екі таңдаудың бірін жасау керегін айтқан: не Жаннаның таныстарына сараптама қорытындысын қажет шешіммен шығару үшін 30 000 доллар көлемінде ақша жинау керек, не қылмыскер ақталып, бостандыққа шығады", - делінген телеграмдағы жазбада.

Тағы бір жәбірленуші, қаржы пирамидалары ісі бойынша куәгер, Оразбахованың өз клиенті Мейржанды қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін куәгерге алдымен пара беріп, кейін қорқытуға тырысқанын айтады.

"Бұдан бөлек, Оразбахова қаржы пирамидаларының барлық салымшыларын кінәлі етіп көрсетуге тырысқан. Өзінің әлеуметтік желілері мен сұхбаттары арқылы қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларды ақтап, бұл әрекеттері үшін олардан сыйақы алған. Сонымен қатар, дереккөздің айтуынша, Оразбахова клиенттеріне қылмыстық жолмен алынған қаражатты көпшілікке қайтару арқылы заңдастыруға көмектескен. Бұны ол жәбірленушілердің қаражатын қайтару түрінде жүзеге асырған", - делінген телеграмда.

Тағы бірқатар жәбірленушілер Оразбахованың өз медиа-ресурстары арқылы сотқа дейінгі тергеу материалдарын жариялап, адал тергеушілерді, прокурорлар мен судьяларды қаралауын сынға алыпты. 

Адвожат Жанна Оразбахованың өзі бұл айыптауларға жауап берді. Оның сөзінше, бұл - Солтүстік Осетияда жарияланған ақпарат және адвокатқа қарсы ақпараттық шабуыл жасалған. 

"Ең қызығы бұл жаңалық пен оның тақырыбы жасанды интеллект көмегімен жасалған секілді. Егер мен шенеунік немесе мемлекеттік қызметкер болмасам, жемқорлыққа қандай қатысым болуы мүмкін? Қылмыстық кодекске сәйкес, мен қылмыстың бұл түріне қатысты субьектке жатпаймын. Прокурорлар мен полицияға пара беретінім де қызық екен. Егер біреуге қарсы материал дайындаса, ол адамды алдымен зерттеп алу қажет қой. Мен прокурорлар мен полицейлер ұнатпайды. 

Тағы бір қызығы, мен - тергеу изоляторына есірткі мен телефон тасып жүр екенмін. Одан бөлек, әлеуметтік желідегі жазбаларым үшін қанша алатынымды білдім: сторис пен инстаграмдағы жазбаға 15000 доллардан алады екенмін. Ең басты сұрақ, егер мұндай ақшаларды алсам, неліктен Форбс тізімінде әлі жоқпын? Мұндай жаңалықтарды оқып, банкте ипотекам бар екеніне ұялып кеттім", - дейді адвокат. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар