Азиадада аяқ киім үшін алтынынан айырылған қазақстандық спортшы толық көлемде сыйақы алады

Азиадада аяқ киім үшін алтынынан айырылған қазақстандық спортшы толық көлемде сыйақы алады
Арлан Олжабай

Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен 42,195 шақырымды 3:22:20 уақытта бағындырды. Нәтижесінде Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтын жүлде әкелді.

Алайда жарыстан кейін спортшының жарыс жолында киген аяқ киіміне қатысты наразылық берілген. Қазір қабылданған шешімге қатысты федерация атынан тиісті шағым жіберілген.

"World Athletics ұйымының рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді көрсетілген. Алайда Ясмина жарыста киген аяқ киімнің нақты моделі бұл тізімде болмаған. Сонымен қатар, жарыс басталғанға дейін спортшының аяқ киімі тексеріліп, жарысқа қатысуына рұқсат берілген. Осыған байланысты федерация Ясминаның құқығы мен мүддесін қорғау жұмысын әрі қарай жалғастырады. ...Біз үшін Ясмина - чемпион. Біздің жіберген шағымымыз бен наразылығымыздың нәтижесіне қарамастан чемпионға тиесілі барлық сыйақы федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде төленеді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшы Азиадада кроссовканың кесірінен алтыннан айырылғаны хабарланды.