Сәкен Бибосынов бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Сәкен Бибосынов бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Фото: ФБК
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Дубайда өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Дубайда өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бибосынов 54 кг салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте Қазақстанның намысын қорғады. Оның қарсыласы ресейлік спортшы Вячеслав Рогозин болды.

Боксшымыз бірінші раундта қарсыласына есе жіберіп, есеп 2:3 болды. Алайда екінші раундтың соңғы секундтарында ол қарсыласын нокдаунға жіберіп, раундты 5:0 есебімен өз пайдасына шешті. Үшінші раундта төрешілердің екеуі Бибосыновты алда деп бағаласа, қалған үшеуі тең нәтиже деп көрсетті. 

Қосымша төрешілердің шешімі бойынша, Бибосынов 5:2 есебімен жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.