Сағынтаев «Shymkent city» жобасымен танысты

Dalanews 28 нау. 2018 12:25 655

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Shymkent Сity» тұрғын алабына барды, сондай-ақ Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші әлеуметтік бастамасын орындау жоспарымен танысты.



Нысанды тексеру барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа «Shymkent Сity» тұрғын үй кешені 56 мың тұрғынға арнап салынып жатқаны айтылды. 427 га аумақта 2025 жылға дейін 324 тұрғын үй, 7 мектеп және 21 балабақша салынады.

Бүгінде аталған аумақта инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымның, 31 тұрғын үйдің және 1200 орындық мектептің құрылысы басталып кетті. Ағымдағы жылы жалпы аумағы 30,2 мың шаршы метр болатын көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілмек. 9 нысаннан тұратын көп қабатты 21 үй және 1 мектептің құрылысы 2019 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде көрсетілген «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде облыста жалпы аумағы 438,1 мың шаршы метрді құрайтын көпқабатты 104 тұрғын үйдің (5141 пәтер) құрылысы басталды. Жылдың соңына дейін жалпы аумағы 68,1 мың шаршы метр болатын көпқабатты 16 үй (685 пәтер) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Үндеуде көрсетілген «7-20-25» бағдарламасы жоғарыда аталған мәселелердің оң шешілуіне, тұрғын үйге деген сұраныстың артуына, әрбір отбасына баспана алуғаөз ықпалын тигізетіні анық. Осыған байланысты жеке салушылар арқылы салынып жатқан 104 тұрғын үйлердің және «Оңтүстік ӘКК» АҚ-ы арқылы салынған үйлердің 20%-ы (өз үлесі) үйлерінің тапсыру қарқыны жоғарылап, сонымен қатар сатылуы оңайланып отыр дейді мамандар.



Биыл өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы аумағы 730 мың шаршы метр болатын, 6615 пәтерді ел игілігіне тапсыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 236 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар