"Сағадиев реформасы": Баян Есентаеваны балаларға үлгі етпек

Dalanews 02 нау. 2017 12:05 884

Біздің Білім және Ғылым министрлігі "бүйректен сирақ шығаруға" шебер-ақ! Енді түлектер Жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ермек Тұрсыновтың әрбір сұхбатын оқуға, Баян Есентаева (Мақсатқызы) мен Нұртас Адамбаевтің сыни пікірлерін қалт жібермей қадағалауға тиіс екен.

Қазақстанның ресми бас газеті "Егемен Қазақстан" соңғы уақытта бұқарашыл басылымға айналды. Бұрын соңды болмаған тың бастама жасап, талапкерлерге арнап, Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын жариялап отыратын болды. Газет ішіндегі бұл кітапшадағы сұрақтармен енді мыңдаған талапкер дайындалатын болады.



Бірақ, бұл тың бастама екінші жағынан Білім және Ғылым министрлігінің олқылықтарын да тайға таңба басқандай көз алдымызға әкеле қоятын болды. Мысалы, "Егемен Қазақстанның" 1 наурызындағы санындағы (суреттегі) сұраққа қараңызшы.



Қазақстанның бүкіл баспасөзін жаулап алып, күні-түні ішкен-жегенін жыр қылатын "жұлдыздарымыз" енді ғылыми айналымға ауыз сала бастапты.

Ермек Тұрсынов - режиссер. Бірақ, оның туындылары ҰБТ-да сұрақ болатындай деңгейге жеткен жоқ деп ойлаймыз. Ал, Баян Мақсатқызы мен Нұртас Адамбаевқа қатысты жақ ашпауды жөн санаймыз. Біздің балалар, мектеп оқушылары,  олардың туындыларын ғылым деп танитын болса, онда толық рухани дағадырс пен  стагнацияға жектен екенбіз!

ҰБТ-да дәл осындай түсініксіз һәм күлкілі сұрақтың жүруі Білім министрлігінің "білімсіздігін" көрсете түскендей. Олар енді ҰБТ сұрақтарын газеттердегі сұхбаттар негізінде дайындауға кіріскен секілді.

Мұндай мазақы істерге қашанғы шыдауға болады? Айтыңызшы, Сағадиев мырза!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар