Сабуров Канделакимен арадағы аудио жазбаның фейк екенін айтты

Нұрлан Жұмахан 06 ақп. 2024 08:42 2151

Кешеден бері Нұрлан Сабуров пен Тина Канделакидің арасындағы аудио жазба желіде қызу талқылануда. Осыдан кейін Нұрлан Сабуров Тина екеуінің арасындағы жазбаның фейк екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Желдегі аудио жазба фейк. Оны тыңдап көрген адам жасанды интеллектпен жасалған дүние екенін бірден аңғарады. Меніңше, журналаитер бірінші кезекте мұның фейк екенін анықтауы керек еді. Өкінішке орай, олар оны барынша таратуда, – деп Сабуров тілшілер қауымына өкпесі қара қазандай екенін байқатты.  

Өз кезегінде Сабуровтың менеджері "біз сарапшыларға аудио жазбаның түпнұсқа емес анықтауын беруін өтіндік» деп жазба қалдырыпты.

Егер Нұрлан мен оның менеджері әлгі аудио жазбаның шынмен фейк дүние екеніне сенімді болса, олар мұншалықты шала бүлінбес еді.

Соған қарағанда Нұрлан мен Тинаның арасында әлгіндей әңгіменің болғаны рас.

Тина Канделаки Путиннің импершілдік саясатын қолап, Саакашвилидің артынан талай сөз айтқан адам. Ол шайпау мінезіне салып,телефон арқылы Сабуровтың да екі аяғын бір етікке тығуы мүмкін.

Енді қазақ тілін білмейтін дүбәра Сабуров баррикаданың бір жағына шығуы керек. Нұрлан алдағы уақытта Арман Дәулетияров секілді Қазақстанға оралуы тиіс, болмаса Тинаның қатарына қосылып, Путиннің пропагандистіне айналуы керек.

Сабуров осы екі жолдың бірін таңдаудан басқа амалы жоқ.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар