Freedom Inside '26

Шахтинскіде екі ер адам құдыққа құлап кеткен

Шахтинскіде екі ер адам құдыққа құлап кеткен
ТЖМ

Шахтинск қаласында екі ер адам бірнеше метр тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға Парковая көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша дүкен қызметкерлері септикті тазалау кезінде құдыққа құлап түскен.

66 және 69 жастағы ер адамдар өз күштерімен шыға алмаған.

Дүкен иесі төтенше жағдайлар қызметін шақырған. Құтқарушылар арнайы баспалдақ пен арқанның көмегімен зардап шеккендерді жоғарыға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Кейін зардап шеккендер Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.