Сәбіз бағасын арзантату «операциясы». Оған Құлыбаевтың қаншалықты қатысы бар

Dalanews 23 қаң. 2022 08:23 343

Пандемия кезінде елімізде сәбіз бағасы аспандап кеткені белгілі. Осы орайда Елбасы, бұрынғы Президенттің күйеу баласы сәбіз бағасын арзандату үшін мемлекеттен 110 млрд теңге несиені қалай алғаны туралы "Protenge.kz" әлеуметтік парақшасында жазылды, – деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет біраз уақыттан бері сәбізді, картопты және басқа да жеміс-жидек, көкөніс бағасын арзандатуға тырысуда. Пандемия кезінде Үкімет бүкіл ел бойынша көтерме тарату орталықтары желісін (КОЖ) құруға көшті.

Бұл жерде Үкіметтің логикасы мынадай болды: фермерлер орталықтарға өз өнімдерін делдалдарсыз тікелей сатады, ал орталықтар өнімдерді бірден дүкендер мен базарларға жібереді. Ал «ашкөз делдалдар» болмағандықтан, баға төмендейді.

Барлық әр облыста құрылған 24 орталық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік принципіне негізде жұмыс істеуі тиіс болатын.


Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікте бір тиімді нәрсе бар: іскер серіктес бірден орталықтардың қойма құрылысына инвестиция салады. Мемлекет содан кейін нысанды мұқият қарайды, егер құрылыс мінсіз салынған болса, онда бизнес шығындарды өтейді.

Егер олқылықтар болса, онда кәсіпкер үкіметтің ақшасын «көрмейді». Быай алып қарағанда біз бұл жобаға сенімді болдық.

Кейін белгілі болғандай, көтерме тарату орталықтары желісін 100 пайыз мемлекет меншігіндегі Қазақстанның Даму банкі жеті КОЖ үшін 110 миллиард теңге несие берген. Бұл жерде бірінші кезеңнің құны 138 миллиард теңге болғаны белгілі болды. Яғни, КОЖ құрылысына мемлекеттен 10 жылға 13,68 пайыз мөлшерінде қолдау алып отырады.

Қазақстанның Даму банкінен несие алған ЖШС «Ұлттық сауда-тарату желісі» деп аталады. Шын мәнінде, бұл атау КОЖ-ды дамыту жөніндегі мемлекеттік жобаның атауын қайталайды. Бұл кездейсоқтық, солай ма?

Бұл ЖШС 2020 жылы пайда болды, дәл сол кезде үкімет КОЖ құруға кірісті. Не деген сәйкестік, атаулы күн, десеңші?! Бұл компанияның ерекшелігі сол, оның түпкілікті иелерінің бірі, бұрынғы Президент Н.Назарбаевтың күйеу баласы, дүниежүзілік Forbes тізімінің мүшесі, 2,8 миллиард доллар байлығы бар Тимур Құлыбаев еді.


Сонымен, егер біз «келісімді» шынымен жеңілдететін болсақ, бұл мәміле қазақстандықтар үшін нені білдіреді? Бұл КОЖ шын мәнінде мемлекет ақшасына салынып, сосын мемлекет осы көтерме-тарату орталықтары желісін мемлекет ақшасына сатып алатынын білдіреді. Міне, қызық...

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар