Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Астана мен Алматы қалаларына келіп, жас спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізеді, деп хабарлайды dalanews.kz ҚТФ-ға сілтеп.
Сонымен қатар, спортшы Цинциннатиде өткен WTA 1000 санатындағы турнирде алған Ахилл сіңірінің жарақатына байланысты медициналық тексерістен өтеді. Дәл осы жарақат салдарынан спортшы турнирдің ширек финалдық кездесуіне қатысудан бас тартуға мәжбүр болған еді.
"Аяғындағы жарақат US Open-2026 турнирі кезінде де қазақстандық теннисшіні мазалауын жалғастырды. Алайда Елена жарақатына қарамастан, турнирдің шешуші матчтарын ауырсынуды басатын дәрілер көмегімен өткізіп, чемпиондық титулды жеңіп алды", - деді ҚТФ өкілдері.
Жаттықтырушылар штабының мәліметінше, Елена Рыбакинаның емделуі мен толық қалпына келуіне кемінде екі апта қажет. Осыған байланысты спортшы Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыса алмайды. Алдағы уақытта Еленаның басты мақсаты - денсаулығын қалпына келтіріп, толыққанды жаттығу процесіне оралу.