«Руский мир» деген дүниені желеу етіп, 2014 жылы Украинадан Қырым мен Донбас пен Луганскіні тартып алды. Ондағы айрандай ұйып отырған орыстарды «Руский мирдің» жақтаушысына айналдырып, қолтығына су бүрікті.
Ал биыл жыл басында Путин «Руский мирін» құру мақсатында Украиана жеріне баса-көктеп кірді. Қазір сол басқыншылық саясаты Путиннің басына таяқ болып тиіп жатыр. Бірақ ақылға келетін Путин жоқ.
Бүгінде «Руский мир» деп өңешін жыртып айғайлаған кейбір орыстар «Руский мирдің» қайда қалғанын білмей дал болуда.
Өткенде ЛНР-дің орыстары «Донбас үшін соғысып, оққа ұшатын жайымыз жоқ» деп укараин сарбаздарынан жеңіліп жатқан ДНР-дің орыстары үшін қылшығы қисаймайтынын ашып айтты.
Бүгін украиндық әскери сарапшы Олег Жданов Ресейдің паспортына ие болған ЛНР мен ДНР-дің орыстарын Кремль ішкі Ресейге аяқ аттап бастырмай жатқанын алға тартты. Осылайша Кремль Донбас пен Луганскінің орыстарын аямай, қанды қасапқа салуды жөн көріп отырғанын байқауға болады.
Ішкі Ресейден келген орыстар шайқаста оқ тиіп жараланса, оларды ішкері әкетіп, ем-доамын жасайды екен. Ал «Руский мирдің» ашық жақтаушысы саналып келген Донбас пен Луганскіден шыққан орыстарды шекараның бергі бетінде ем қаблдап, соғысқа қайта салуда.
– Жарақат алғандарға бұлайша алалап қарау «Руский мирге» сына қағатыныны айтапаса да түсінікті. Бүгінде Ресейдің паспортын бірінші болып алған Донбас пен Луганскінің тұрғындары ішкі Ресейде жылжымайтын мүлкі болса ғана Ресейге баруына рұқсат берілетінін ұзынқұлақтан естідік. Олар құр паспортын көрсетіп, шекарадан өте алмайды. Осылайша Кремль Донбас пен Луганскідегі «Руский мирдің» жақтаушыларына теріс айнала бастады, – дейді Олег Жданов.
Осылайша Кремльдің өзі «Руский мирді» бөлшектеуге көшкен сыңайылы.