Рыбакина Australian Open–2026 турнирінде рекордтық сыйақы алды

Рыбакина Australian Open–2026 турнирінде рекордтық сыйақы алды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің жеңімпазы атанып, рекордтық сыйақыға ие болды. Чемпиондық атақ үшін ол 4,15 миллион австралия долларын (шамамен 2,79 млн АҚШ дол...

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің жеңімпазы атанып, рекордтық сыйақыға ие болды. Чемпиондық атақ үшін ол 4,15 миллион австралия долларын (шамамен 2,79 млн АҚШ доллары) қалтасына салды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл – Australian Open тарихындағы әйелдер арасындағы ең ірі жүлде сомаларының бірі. Қазақстан валютасына шаққанда Рыбакинаның табысы шамамен 1,4 миллиард теңгені құрайды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина осылайша маусымдағы ең беделді турнирлердің бірінде топ жарды және әлемдік теннистегі көшбасшы ойыншылар қатарындағы орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.