Respublica партиясының Алматыдағы басшысы зауытын сатылымға шығарды

Respublica партиясының Алматыдағы басшысы зауытын сатылымға шығарды
Respublica партиясы ҚБ Алматы қалалық филиалының басшысы, кәсіпкер Шолпан Әбдіхалықова QazGranit гранит зауытын сатылымға шығарды. Бұл туралы нысанды сатумен айналысып жатқан риэлтордың хабарламасы...

Respublica партиясы ҚБ Алматы қалалық филиалының басшысы, кәсіпкер Шолпан Әбдіхалықова QazGranit гранит зауытын сатылымға шығарды. Бұл туралы нысанды сатумен айналысып жатқан риэлтордың хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сәйкес, Алматыда орналасқан дайын әрі жұмыс істеп тұрған гранит зауыты толық дайын бизнес ретінде ұсынылған. Нысан 1 гектар жер телімінде орналасқан. Өндірістік ғимараттың аумағы 330 шаршы метрді, ал кеңсе ғимаратының көлемі 1 200 шаршы метрді құрайды. Барлық нысан күрделі құрылыстан өткен және жұмыс істеуге толық дайын күйде екені аталып өткен.

Сатылымға шығарылған кәсіпорын клиенттік базасымен және ірі келісімшарттарымен бірге ұсынылады. Сонымен қатар мұнда өндіріс, қызметкерлер құрамы және тапсырыс берушілер жүйесі сақталған.

Зауыт Алматының Алатау ауданында, Момышұлы мен Мөңкеби көшелерінің қиылысында орналасқан. Логистикаға қолайлы, кіріп-шығуға ыңғайлы бұл аймақта мұндай өндірістік нысандар сирек сатылымға шығатыны айтылған.