Ресей зауытында қаза тапқан қазақстандықтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаракөз Амантай 15 қаң. 2026 16:18

Ресей аумағында орналасқан Череповец металлургиялық комбинатында қаза тапқан екі Қазақстан азаматының өліміне байланысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұмдар мердігер компанияда жұмыс істеген. Олар зауыттағы құрылыс жұмыстарын атқарып жүрген кезде жазатайым оқиғаға ұшыраған.

Аталған дерек бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 143-бабының 3-бөлігі - еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан екі адамның абайсызда қаза табуы бойынша тергеу басталды.

Тергеу барысында оқиға орны тексеріліп, тиісті құжаттар алынды. Сондай-ақ куәлар мен іске қатысы бар тұлғалардан жауап алынуда. Мемлекеттік еңбек инспекциясының мамандарының қатысуымен өндірістегі қайғылы жағдайдың себептері мен оған ықпал еткен факторларды анықтауға бағытталған кешенді тексеру жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove