Ресей Қазақстаннан 100 000 тонна бензин сұрауы мүмкін – Reuters

Нұрлан Жұмахан 09 сәу. 2024 12:37 4657

Бүгін Reuters агенттігі Ресей Қазақстаннан 100 000 тонна бензин жеткізуге дайын болу турасында өтініш айтуы мүмкін екенін жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Егер Украинаның беспилотниктері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын шабуылдауды тоқтатпаса, жағдай ушығып, Кремль ресми Астанада көмек сұрауы ықтимал.

Өз кезегінде ҚР Энергетика министрі Шыңғыс Ильясов Ресейден жанар-жағармай жеткізуіге қатысты өтініш түспегенін алға тартты. Ал дәл осы мәселеге қатысты Ресейдің Энергетика министрлігі журналистердің сауалына ләм-лим деп үн қатпаған.  

Бірақ Ресейдің басты одақтасы Беларусь Ресейге бензин жеткізуге келіскенін білеміз.  

Наурыз айындағы жағдай бойынша Украинаның беспилотниктері Ресейдің мұнай зауыттарына дамылсыз шабуыл жасап, көрші елдің мұнай өңдеу саласының әлеуетін 14 пайызға дейін кемітті.

Әзірше Кремль ішкі нарықта жаран-жағармаймен қапту тұрақты, жанармай қоры жеткілікті деп ақпарат таратуда.

Алдағы уақытта Украина мұнай зауыттарына шабулды үдетсе, Ресей мұнай өнімдерін экспорттаудан, импорттаушы елге айналуы бек мүмкін.

Кремль үстіміздігі жылдың 1 наурызынан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойғаны белегілі. Осылайша орыстар жарармай тапшылығының алдын алуға қам жасады. Бірақ Ресейдің бензинге қатысты шектеуі Еуразиялық Одаққа мүше елдерге жүрмейді.

Айтпақшы, Еуразиялық одаққа мүше елдер арасында бір-біріне жанармай жеткізу турасында үкіметаралық келсім бар екенін де ұмытпауымыз керек. Бұл құжатқа Қазақстан да қол қойғаны белгілі. Сондықтан Ресейде бензин жетпей ажиотаж болса, Кремль осы келісімге қол қойған елдерге өтініш айтуға қақысы бар.

Аталған келсімге Моңғолия да қол қойған болатын. Ал мұндай жағдайда бар салмақ Қазақстанға түсетінін айтпасақ та түсінікті.  

Бірақ трейдерлер Ресейде жанармай тапшылығы арта түссе, Ресей Еуразиялық одаққа мүше елдерге де жанармай экспорттауға шектеу қою мүмкін екенін алға тартуда.

Күні кеше ғана Ресейдің Орыс қаласын топан су басып, қала маңындағы мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Бүгін де Қазақстан да су тасқынынан зардап шегуде. Осыған байланысты ел Үкіметі 5 сәуірден бастап гуманитарлық мақсатты көздеп сырт елдерге жанармай экспорттауды шектеген-ді.  

Дереккөздеріне жүгінсек, қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензиннің 58 000 тоннаны құраса, дизел отынының 435 300 тонна қоры бар.

Сондықтан дәл қазір Ресей 100 000 тонна бензин сұраған күннің өзінде де оны бере қоятын бізде мүмкіндік жоқ. Егер қолда бар жанармайдың қорын Ресейге берсек, елімізде жанармай тапшылығы туындауы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар