Ресей Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғыртады

Қаракөз Амантай 16 сәу. 2026 17:06

Ресей Қазақстанмен шекарада орналасқан өткізу бекеттерін жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ресейлік БАҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сәйкес, Ресей Көлік министрі Андрей Никитин Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен кездесу өткізіп, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылаған. Жиын барысында аймақтағы шекаралық өткізу бекеттерін жаңарту мәселесіне ерекше назар аударған.

Атап айтқанда, басым бағыттағы өткізу пункттерінің тізіміне енген Сагарчин автомобиль өткізу бекетінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоба аясында инфрақұрылым толық жаңартылып, мемлекеттік бақылау органдарына арналған модульді ғимараттар орнатылады. Бұл жұмыстарды 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

Жаңғырту нәтижесінде өткізу жолағының саны үштен онға дейін көбейеді. Сонымен қатар жүк көліктерін тексеруге арналған заманауи инспекциялық кешендер орнатылады. Соның арқасында бір жүк көлігін тексеру уақыты 10 минуттан аспауы тиіс.

Бұдан бөлек, Илецк-1 теміржол өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта жоспарланған 26 шараның 18-і орындалған. Оның ішінде бейнебақылау және бақылау жүйелері орнатылып, қоршаулар жаңартылған, мемлекеттік органдарға арналған блок-модульдер, жылыту бекеттері мен паспорттық бақылау кабиналары іске қосылған.

Сондай-ақ резервтік электрмен қамту жүйесінің жобасы әзірленіп, күзет дабылы жүйесі орнатылған. Ал 2026 жылы тағы алты шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove