Ресейдің Сыртқы барлау қызметі Украина Қарулы күштері Ресей аумағына жаңа шабуылдар дайындап жатыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомствоның баспасөз бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, Киев Еуропадағы серіктестеріне Украина армиясының әскери әлеуетін және Ресей экономикасына соққы беру мүмкіндігін сақтап отырғанын көрсетуге мүдделі.
Ресей тарапының мәліметінше, Украина тек Балтық елдері берген әуе дәліздерін пайдаланумен шектелмей, ұшқышсыз аппараттарды осы мемлекеттердің аумағынан ұшыруды да жоспарлап отыр.
Мәлімдемеде Латвия билігі операцияға келісім берді деген пікір айтылып, украиналық әскери қызметкерлер елдегі бірнеше әскери базаға орналастырылғаны көрсетілген.
Сонымен қатар Ресей барлау қызметі қазіргі барлау құралдары ұшқышсыз аппараттардың ұшырылған нүктелерін анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай ақ мәлімдемеде НАТО мүшелігі мұндай әрекеттерге қатысы бар тараптарды ықтимал жауаптан қорғамайды деген ескерту де айтылған.
Әзірге бұл ақпаратқа Украина, Латвия немесе НАТО тарапынан ресми жауап жарияланған жоқ. Мәлімдемеде келтірілген деректер тәуелсіз көздер арқылы расталмаған.