Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Қаракөз Амантай 06 қаң. 2026 09:11

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Адам Қадыров вице-премьер міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.Бұл жөнінде Рамзан Қадыров Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, тағайындау шешімі республика Үкіметінің төрағасы Магомед Даудовтың ұсынымы негізінде қабылданған. Сонымен қатар вице-премьердің міндетін уақытша атқарушы лауазымына ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев та бекітілді.

Рамзан Қадыров Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаевты жауапкершілігі жоғары басшылар ретінде сипаттап, олардың басқарушылық тәжірибесін және республика дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Бұған дейін Шешенстан Үкіметі басшысының міндетін Иса Тумхаджиев атқарған еді.

Еске салайық, бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың денсаулығы сыр бергені туралы ақпарат тараған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар