Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жаңа орден алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің ресми Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Рамзан Қадыров Цемент өндірушілер одағының атқарушы директоры Дарья Мартынкинамен жұмыс кездесуін өткізген. Кездесу барысында "Чеченцемент" акционерлік қоғамын жаңғырту, өндіріс қуатын кеңейту және өңірдегі саланы дамыту мәселелері талқыланған.
"Дарья Мартынкинаның қолынан I дәрежелі "Ресейдің цемент өнеркәсібін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін" орденін алғаныма қуаныштымын. Осындай жоғары баға үшін алғыс айтамын. Өз тарапымыздан жоспарланған жобаларды жүзеге асырып, саланы әрі қарай дамытуға бар күшімізді саламыз", - деді ол.
Айта кетейік, Рамзан Қадыровтың ресми Telegram арнасына шамамен екі миллион адам жазылған.
