Freedom Inside '26

"Қызыңның сүйегін алып кет": Түскеніне үш күн болған жас келін қайтыс болды

"Қызыңның сүйегін алып кет": Түскеніне үш күн болған жас келін қайтыс болды
ашық дереккөзден

Өзбекстанның Ташкент облысында жас келіннің жұмбақ өлімі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қыз тұрмысқа шыққанына небәрі үш күн болғанда қайтыс болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Марқұмның анасы телебағдарламада қызының өліміне қатысты күдігі барын айтты. Оның сөзінше, жалғыз қызын Келес қаласына ұзатқан. Күйеу жігіттің туыстары ауқатты отбасы екенін айтып, құдалыққа көндірген.

"Бұл менің жалғыз қызым еді. Күйеуім болмаса да, барымды салып, жақсы той жасағым келді. Бірақ үш күннен кейін маған "Қызыңның сүйегін алып кет" деп хабарлады. Мұндай сөзді есту өте ауыр", – деді анасы.

Оқиға 6 сәуір күні кешкі уақытта болған. Әйелдің айтуынша, қызы тұрмысқа шыққаннан кейін өзін бақытты сезінгенін айтып, видео арқылы жақындарына қуанышын жеткізіп жүрген.

"Оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес", – дейді марқұмның анасы.

Ал келіннің енесі бұл жағдайға ешкімнің қатысы жоқ екенін айтты.

"Іс жабылды. Сол күні үйде ешкім болған жоқ. Түскеніне үш күн болған келінді өлтіру мүмкін емес", – деді ол.

Марқұмның отбасы махалла ішінде сыйлы болғаны, ал анасы екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп өсіргені айтылады.

Бас прокуратура тексеру қорытындысынан кейін марқұмның денесінде тұншығу белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Тергеуге дейінгі тексеру барысында қылмыс құрамы табылмағандықтан, қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған.