Шетелдік туристердің Алматыға деген қызығушылығы 71 пайызға артты. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Mastercard Tourism Insights және D/AI Destinations халықаралық талдау платформаларының мәліметіне сәйкес 2026 жылғы бірінші тоқсанда Алматыға ұшақ билеттерін іздеу сұраныстары былтырмен салыстырғанда 71 пайызға өскен.
Әсіресе, Қытай (+166%), АҚШ (+93%), Ұлыбритания (+85%) және Оңтүстік Корея (+75%) елдерінен қызығушылық көптеп тіркелген.
"Цифрлық пікірлерді талдау қорытындысы бойынша Алматыға сапарлап келген туристердің жалпы бағалау индексі - 82,6 балл. Басқарма мәліметінше, қаладағы көрікті орындар, қонақ үйлер, мейрамханалар және қысқа мерзімге жалға берілетін нысандар ең жоғары бағаланған", - деп жазылған хабарламада.