Қырғызстанда балаларға қосарланған тегі беру мәселесі қарастырылып жатыр. Тиісті заң жобасын Жогорку Кеңеш депутаттары қоғамдық талқылауға шығарды., деп хабарлайды dalanews.kz.
Заң жобасына сәйкес, ата-аналардың келісімімен жаңа туған балаға әкесі мен анасының тегін дефис арқылы біріктіру жолымен жасалған қосарланған тегі берілуі мүмкін.
Құжатта қосарланған тектің қандай ретпен жазылатынын ата-аналардың өздері шешетіні көрсетілген. Сонымен бірге заң жобасы балаларға үштік тегін беруге жол бермейді.
Депутаттардың айтуынша, бұл шектеу келесі ұрпақтарда тектердің шамадан тыс ұзарып, күрделенуіне жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта заң жобасы қоғамдық талқылау кезеңінде. Одан кейін құжатты Қырғызстан парламенті қарайды.