Қырғыз композиторы Назарбаевтың шыққан тегі туралы пікір білдірді

Қырғыз композиторы Назарбаевтың шыққан тегі туралы пікір білдірді
Фото: Коммерсантъ / Елизавета Дмитриева

Қырғызстанның композиторы Құрманғазы Азықбаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шыққан тегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Democrat.kz басылымына сұхбат берген Азықбаев Назарбаевтың анасы кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққан, кейін отбасы Қазақстанға қоныс аударғанын жеткізді. Осыған байланысты ол бұрынғы президенттің қырғыз халқымен байланысы бар деген ойын ортаға салды.

"Нұрсұлтан Назарбаев – қырғыз. Оның шешесі кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққан. Ол кезде жайлауымыз бір болған. Кейін әке-шешесі қазақ жағына кеткен. Бұл сөзіме Назарбаевтың домбыра шертуін дәлел деуге болады. Бұл құпияларды бұған дейін жасырып, ешкімге айтпай жүрдім", - деді Құрманғазы Азықбаев.

Сондай-ақ композитор Назарбаевтың домбыра тартуын, "Тұмарым" әніне және қырғыздың көне ән-жырларына қызығушылығын өз пікіріне дәлел ретінде келтірген.

Бұдан бөлек, Құрманғазы Азықбаев Германияда жүрген кезінде Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы болғанын да мәлімдеді.