Құрылтай Олжас Бектеновті Премьер-министр қызметіне мақұлдады

Құрылтай Олжас Бектеновті Премьер-министр қызметіне мақұлдады
akorda.kz

Құрылтай депутаттары Олжас Бектеновтің Қазақстан Премьер-министрі қызметіне кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Олжас Бектеновтің кандидатурасына 137 депутат дауыс берді. Қалған депутаттар дауыс беруден қалыс қалды.

Осылайша, Құрылтай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Олжас Бектеновті Премьер-министр қызметіне тағайындауға келісім берді.