Құрылтай депутаттары ант қабылдай бастады

Құрылтай депутаттары ант қабылдай бастады
Akorda.kz

Қазақстан тарихындағы алғашқы шақырылымдағы Құрылтай депутаттары ант қабылдай бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ант бергеннен кейін депутаттар Құрылтай төрағасын сайлайды. Бұл қызметке бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділет» партиясының жетекшісі Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған.

Одан кейін Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланады.

Сондай-ақ жаңа Парламенттің тұрақты комитеттерінің саны мен атаулары анықталып, олардың төрағалары сайланады. Бұдан соң тұрақты комитеттердің құрамы жасақталады.