Жангелдин ауылында төрт адамнан тұратын отбасының өліміне қатысты өтіп жатқан сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы куә ретінде жауап берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша куәгерлерден жауап алу басталды. Жалпы іс аясында 26 куәгерден жауап алу жоспарланған. Оның 17-сі түскі үзіліске дейін сотқа шақырылуы тиіс болған.
Сотта айыпталушының анасы Гүлнар Азмұханова куә ретінде шақырылды. Ол сотта сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Осыған байланысты судья оның тергеу кезінде берген жауабын оқып берді. Әйел бұрынғы жауаптарын толық растады.
Сот залынан шығар алдында Гүлнар Азмұханова ұлына сөз айтуға рұқсат сұрады. Ол Сұлтанға бес баласы бар екенін, қандай жағдай болса да, олар үшін әке болып қала беретінін айтты.
"Сен бұл өмірдің қуанышын көрмедің. Өмір бойы күресіп келдің. Мықты бол. Өмір үшін күрес. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын", – деді анасы.