Құлтемір саудаға түсті

Dalanews 27 мау. 2015 11:52 1011

Жапонияның Softbank корпорациясы онлайн сатылым арқылы жаңадан құрастырған роботтарының бәрін бір минуттың ішінде сатып жіберді. Жаңа құлтемір адамның эмоциясын дәл танитындықтан, оған қызығушылар көп болған.

Адамның көңіл-күйін дәл бағамдайтын андроид енгізілген роботтың алғашқы мың данасы бір минуттың ішінде сатылып кетті. Бір құлтемір 214 иенге (1,7 мың доллар) бағаланған. Ғаламтор арқылы тапсырыс берген алғашқы сатып алушылар шілде аяғына дейін роботтарына ие болады деп күтілуде. Жаңа құлтемірді құрастырушылар ондаған датчиктер мен камера адамның қуанғанын, қайғырғанын, қорыққанын, уайымдағанын дәл айқындап беретінін алға тартты. Бүгінде жапон билігі жаңа құлтемір жасап, күнделікті тұрмысқа, өндіріске енгізуге күш салған корпорацияларға қаржылай қолдау көрсетіп, олардың жартылай шығынын өтеп беруді мойына алып отырған бірден-бір ел. Осылайша олар жұмыс күшінің жетіспеушілігін роботтардың көмегімен шешуге күш салуда. Біздің бұл сөзімізге үстіміздегі жылдың сәуір айында Softbank корпорациясы құрастырған құлтемір The Bank of Tokyo банкінің менеджері қызметін атқара бастағаны айқын дәлел болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар