DALA INSIDE телеграм арнасының хабарлағанындай мемлекет тіл мәселесін толықтай өз қолына алмақ.
"Риддердегі рейдке" ұқсас инсидентке бұдан былай жол берілмейді. Әрідегі Қуат Ахметов пен берідегі Диас Құзайыровтың әрекетін қайталағысы келгендерге қатаң шара қолданылып, жауапқа тартылады.
Жаңа Қазақстан тілдің төңірегіндегі жанжалдың жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Теріскей көршімен арадағы сыйластыққа сызат түсірмеу маңызды.
Сол жағалаудағы азды-көпті мемлекеттшіл азаматтар қазақтілді аудиторияның "ана тіліміз жоғалу алдында тұр" деген қомплекстен арылғанын қалайды.
DALA INSIDE-қа белгілі болғандай билік тарапынан Диасқа бір жолға рақымшылық жасалған. Риддердің шенділерінен қазақша сөйлеуді талап етіп, кейіннен кешірім сұраған тіл белсендісі сотталмауы тиіс. Диастан кейінгі тіл жанашырларына ілгеріде айтқандай мұндай кеңшілік жасалмайды.
Ал "Тіл патрулінің" орнын "Қазақ тілі" қоғамы алмастырмақ.
Түнеукүні Тоқаевтың қабылдауында болған ұйым төрағасы Рауан Кенжеханұлына мекемені жаңа форматқа көшіру туралы талап қойылған. Ұйым мемтілдің қолданыс аясын арттыруда агрессиясыз, ақылмен, сабырмен жұмыс істеуі тиіс (соның ішінде теорияны тастап, практикалық жұмысқа тездетіп көшуі керек).
Толық нұсқасы осы жерде: https://t.me/dalainside/1529
https://dalanews.kz/sadak/93761-qauipti-tendenciia-rosatom-qazaqstan