Қостанайда супермаркеттен алынған конфеттен жәндік шықты. Жергілікті тұрғын дүкенді сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қостанай қаласының тұрғыны супермаркеттен сатып алған конфеттің қаптамасынан жәндіктерді тауып алған. Бұл дерек ресми түрде расталған.
Оқиғадан кейін тұтынушы сотқа жүгініп, моральдық зиян үшін 2 млн теңге өтемақы талап етті. Алайда сот талап етілген соманы негізсіз деп таныды. Себебі сатып алушының денсаулығына зиян келмеген, сауда орны кешірім сұрап, келтірілген шығынның бір бөлігін өтеген.
Нәтижесінде сот супермаркеттен өндірілетін өтемақы мөлшерін 250 мың теңге деп белгіледі.
