Қостанайда аквапарк ғимаратын жөндеуге 10 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалмақ

Қостанайда аквапарк ғимаратын жөндеуге 10 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалмақ

Қостанайда аквапарк ғимаратын жөндеуге 10 млрдқа жуық мемлекеттік қаражат жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Тапсырыс беруші – Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы; нысан атауы – тұрғын емес ғимараттар/құрылыстар салу (құрылыс жұмыстары); қосымша сипаттама – Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Қостанай қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі” КММ балансындағы “Сегізаяқ” аквапарк ғимаратын жөндеу жұмыстары. Жоспарланған сома – 9 669 753 549 теңге”, – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала өтінім қабылдау 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында өтеді.Һ

Еске сала кетейік, 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында салықтардың өсуі тақырыбы талқыланған кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу және шығындарды қатаң бақылау қажеттігін айтып, экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін “белді қаттырақ байлап, барға қанағат ету” керегін мәлімдеген болатын.