Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды

Dalanews 10 там. 2022 13:20 977

Қостанай облысында үш тәулік бойы іздеуде болған 5 жасар Мәдинаның денесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 5 жасар Мәдина Ерланқызы суға батып кеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, баланың денесі жасанды су қоймасынан, дронның көмегімен табылған. Қыздың денесін полицей Самат Ешанов пен ерікті Дамир Бектұрған тапқан. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамыз күні таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі қарап қалған. Олар таңертең оянғанда кіші қыз үйде жоқ екенін байқаған.

Баланы 500-ден астам адам үш күн бойы іздеді. Іздеу жұмыстарына еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық Ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері атсалысты.

Dalanews.kz редакциясы Мадина Ерланқызының жақындарына қайғырып көңіл айтады

 

 

https://dalanews.kz/news/80266-5-zhasar-madinany-izdeu-egistikke-sharga

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар