Қостанай және Қызылорда әуежайлары заң бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Қаракөз Амантай 26 жел. 2025 15:29

Қостанай және Қызылорда әуежайлары авиаотынға жоғары баға қойғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Агенттік мәліметінше, екі әуежайға авиаотынға монополиялық жоғары баға белгілеу арқылы бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік жүктелді.

Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы “Қостанай халықаралық әуежайы” АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 16,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салып, монополиялық табысты тәркілеу туралы шешім шығарды.

Осындай құқықбұзушылықтар Қызылорда облысындағы “Қорқыт ата әуежайы” АҚ қызметінде де анықталды. Кәсіпорынға 7,3 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 2,5 млн теңге көлеміндегі монополиялық табыс тәркіленді. Бұдан бөлек, нұсқама аясында авиатүйін бағасы ҚҚС-сыз 780 мың теңгеден 533,75 мың теңгеге дейін төмендетілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар