Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
ашық дереккөз

Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды. Прокуратура мәліметінше, ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл іс бойынша тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес білім бөлімінің лауазымды тұлғалары мен өзге де күдіктілер мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін.

Қылмыстық іс аясында күдіктілердің жұмыс орындары мен үйлерінде тінту жүргізілген. Сол күні білім бөлімінің басшысы да ұсталған.

Гүлсім Оразбаева білім саласында көп жылдан бері еңбек еткені белгілі. Ол еңбек жолын мұғалім ретінде бастап, қалалық білім бөліміне ауысқан. Кейін осы мекемеге жетекшілік еткен.