Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ұйымдастырушылар жарысты жеңіл режимде өткізді. Сонымен, қатысушылар өз таңдауы бойынша 2,5-тен 5 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсерді.
«Байтақ» партиясы жыл бойы және кез келген ауа райы жағдайында денсаулықты жақсартумен айналысуға болатынын көрсетті. Марафон ботаникалық бақтағы арнайы жүгіру жолдары мен таза ауада ыңғайлы жағдайда өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар негізі экологиялық проблемаларды шешу және қоршаған орта мен адамдардың денсаулығын қорғау болып табылатын партияның сайлауалды тұғырнамасымен танысты. Партиялықтар жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, партия үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыра отырып, бүкіл ел бойынша 1 миллионға жуық адамды қамтитын 3 мыңнан астам кездесу өткізді.
«Біз осымен салауатты өмір салты – бұл адамдардың, әсіресе жастардың өмірі мен денсаулығындағы ең маңызды мәселе екенін көрсеткіміз келді», – деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.