– Жұмыс оңайға соқпады. Біз тұрғын үйлерде, емханаларда және т.б. кездесу өткіздік. Сайлауға қатысқандары үшін халыққа алғыс айтамын. Бақылаушылардан алған мәлімет бойынша маған 80 мың сайлаушының 15-16 мыңы дауыс берді. Бұл сайлауға келгендердің 20 пайызы. Қалған үміткерлер одан да аз ұпай жинады. Жеңіс бізде деп айтуға болады, бірақ ресми нәтижені күтеміз, – деді Ерлан Стамбеков брифингте.
Айта кетейік, кеше 19 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтті.