Алматыда сайлау штаттық режимде өтті – бақылаушылар

Dalanews 20 нау. 2023 06:17 983

Дауыс беру күні сайлау комиссияларына артылған жүк ауқымы зор болды, бірнеше бюллетень, бір жағынан кандидаттар саны көп болды. Соған қарамай, сайлау комиссиясының өкілдері дауыс беру процесін кәсіби тұрғыда атқарған. Бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков осылай санайтынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Дауыс беру процесінде негізгі жұмыс сайлау комиссяларына байланысты екені сөзсіз. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері барынша білікті және құзыретті болулары керек. Учаскелік комиссия мүшесінің әрқайсысы заңнаманы білуге қатысты кәсіби дайындықтан өтеді. Алматыда сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілік деңгейі айтарлықтай жоғары екеніне сайлау кезінде көзіміз жетті, – деп атап өтті спикер.

Әріптесінің пікірін Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Абдыхалықов да құптады.

– Біздің өзіміз де сайлаушы ретінде дауысымызды бердік. Учаскелік сайлау комиссиясының жұмысын іштен де бақылағанда менің сайлау учаскемде бәрі жүйелі түрде ұйымдастырылғанына көз жеткіздім. Сайлау комиссиясының мүшелері бюллетень бойынша да, тізім бойынша да жұмыстарын ойдағыдай орындап шықты. Сайлаушы ретінде маған барлық құқығымды түсіндірді, – деп бөлісті ол.

Сонымен бірге, спикерлердің айтуынша, бақылаушылар ешқандай жүйелі заң бұзушылықтарды байқамаған. Алматыда сайлау барысы штаттық режимде өткен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар