Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Басқарма мәліметінше, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажет қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір адам немесе 7 адам бірігіп шалса болады.
"Тапсырысыңыз сәтті өтсе, ұялы телефоныңызға хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның сурет және видео есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі", - деп жазылған хабарламада.
Қалалар мен өңірлерге қарай мал бағасы өзгере береді:
- Астанада қой 125 000 теңгеге, ірі қара 875 000 теңгеге бағаланған.
- Алматыда қой 120 000 теңге, ешкі 70 000 теңге, ірі қара 805 000 теңге деп көрсетілген.
- Шымкентте қой қымбатырақ: 150 000 теңге. Ешкі 75 000 теңге. Ірі қара 805 000 теңге.
