ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ еншілес ұйымы - "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС-ның 2024 жылғы жұмыстарын қорытындылады, деп жазады Dalanews.kz.
2024 жылы "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС 282 мың тоннадан астам мұнай өнімдерін өткізді: авиаотын — 206,3 мың тоннадан астам, бензин — 10,4 мың тоннадан астам, дизель отыны — 40 мың тоннаға жуық, мазут — 25,67 мың тоннадан астам. 2024 жылы әуе кемелерді "ұшақ қанатына" әуе отынмен қамтамасыз етудің жалпы көлемі 48,6 мың тоннаға жуық, соның ішінде: Астана қаласы әуежайы — шамамен 30 мың тонна, Түркістан қаласы әуежайы, 2024 жылдың наурыз - желтоқсан айлары аралығында — шамамен 5 мың тонна
Ақтөбе қаласының әуежайы — 4,2 мың тонна.
Сондай-ақ компания алдағы жоспарларымен де бөлісті:
- әрқайсының көлемі 40 мың литр болатын екі жаңа жанар-жағармай құю машинасын пайдалануға беру;
- Астанада құны 7 млрд теңге болатын "ASTANA JET FUEL HUB" мұнай базасын салу;
- Астана әуежайында құны 2,5 млрд теңгені құрайтын жанармай құю кешенін салу;
- Ақтөбе әуежайында 5 млрд теңгеге отын құю кешенін салу;
- жаңа жанар-жағармай құю машиналарын сатып алу, құны - 0,5 млрд теңге.
Бұған дейін Қазақтеңізкөлікфлоты мен AD Ports Group екі заманауи контейнерлік кемені салуға келіскенін жазғанбыз.