ҚМА Ресейдің бұрынғы депутаты Олег Колташовты іздестіріп жатыр

Көркем Алдабергенова 20 қар. 2025 16:02

Құқықтық статистика органдарының порталында 1969 жылы туған Олег Анатольевич Колташовқа қатысты іздеу парағы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Олег Анатольевич Колташовқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 195-бабының 5-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Іздеуде жүрген Колташов туралы мәліметтер Ресейдің «Единая Россия» партиясы сайтында жарияланған Курган облыстық Думасының бұрынғы депутатының өмірбаянымен сәйкес келеді. Ол астықты ұнға қайта өңдеу саласында бизнеспен айналысқан. 2019 жылы Forbes оның атын Ресейдегі ең дәулетті шенеуніктер мен депутаттар рейтингіне енгізген. Сол кезде оның байлығы 765 млн рубль деп бағаланған.

2022 жылы Колташов Курган облысынан Орталық Азия елдеріне астық жеткізу үшін Қазақстанда еншілес компания ашқаны туралы ақпарат тараған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар