Қыз жігіттің тілі мен ернінің бір бөлігін тістеп жұлып алған

Сағыныш Сардарова 12 қар. 2025 15:55

Қырғызстанда қыз сүйіс кезінде жігіттің тілі мен ернінің бір бөлігін тістеп жұлып алған, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kg-ға сілтеп.

Манас қаласында 26 жастағы ер адам тілінің және төменгі ернінің бір бөлігі жарақаттанып, ауруханаға түскен. Алдын ала мәліметке сәйкес ол жарақатты 18 жастағы қызбен сүйіс кезінде алған.

Оқиға 8 қарашада болған. Зардап шеккен жігіт ауруханаға өзі келген. Дәрігерлер оның жараланған жерін тігіп берген, қазір жағдайы тұрақты.

Джала-Абад облыстық ауруханасының мәліметінше, ер адамның тілінің шамамен 30 пайызы және ернінің 40 пайызы зақымданған.

Басылым мәліметінше, екеуі тойда ішімдік ішкен. Кейін қыз сүйісу кезінде жігіттің тілін және ернін қатты тістеп алған.

Екі тараптың да психикалық жағдайы қалыпты. Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар