Қытайлық алаяқ Ұлыбританияда ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Қытайлық алаяқ Ұлыбританияда ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
kommersant.ru

Қытайда 130 мыңға жуық адамды алдап, ауқымды қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел Ұлыбританияда 11 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.  Sky News-ке сілтеме жасап.

Цянь Чжиминь, Яди Чжан деген атпен де белгілі, криптовалюта алаяқтығынан түскен табысты заңдастырды деген айыппен танылған. Тергеу барысында британдық полиция 61 000-нан астам биткоин тәркілеген — бүгінгі күнгі құны 6 миллиард доллардан асады. Бұл — тарихтағы ең ірі криптовалюта тәркілеулерінің бірі.

Сот залында Цянь судья Салли-Энн Хейлз оны 11 жыл 8 айға бас бостандығынан айырғаны туралы естіген кезде  жылап жіберді.

«Сіз бұл қылмыстың басынан аяғына дейінгі ұйымдастырушысы болдыңыз… Сіздің мақсатыңыз – таза ашкөздік болды», – деді судья.

Прокурорлардың айтуынша, Цянь мен оның сыбайластары алаяқтық арқылы түскен табыстан 95 миллион юаньнан (13,34 миллион АҚШ долларынан) астам қаражатты зергерлік бұйымдарға жұмсаған.